Мақтаарал ауданында 60,9 мың гектар егістік жер бар.

Spread the love

Биыл 51602 гектар жерге қысқы сор шаю жұмыстары жүріп, мақтааралдық диқандар дала жұмыстарын бастады сақадай . Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада наурыз айына 1160 тонна, сәуір айына 1190 тонна, мамыр айына 715 тонна жанар жағармай бөлініп, бүгінгі таңда жанар-жағармай бекеттерінде босатылды.

Қазірдің өзінде 23552 гектар жер тырмаланып, 12256 гектар жер чизельденген. Жері егуге дайын болған кейбір шаруалар 37 гектар жерге мақта дәнін сеуіпте үлгерді. Сондай-ақ, 3902,7 гектар жерге пленкалы бақша, 1206 гектар жоңышқа, 392,5 гектар жерге ерте пісетін пленкалы көкөніс, 55 гектар бидай, 50 гектар күнбағыс, 261,5 гектар жерге дәндік жүгері егіліп, алғашқы егілген қырыққабат дақылдарының өнімін ала бастады.  Бүгінгі таңға аудан көлемінен жалпы 220,5 тонна қырыққабат дақылы өндіріліп сатылымға шығарылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *