Басты бет > Қоғам > Азаматтық құқық ,құқықтың басқа салалары

Азаматтық құқық ,құқықтың басқа салалары

Қазақстан Республикасы Призидентінің 2002жылғы20қыркүйектегі№ 949Жарлығыменмақұлданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы бойынша азаматтық құқықтық негізгі принциптері қатарына мыналарды жатқызуғаболды .

мемлекеттікнемесе оның әкімшілік аумақтық бірліктерінің азаматтық құқық қатынастарына түскен кезде серіктестіктері алдында қандайда бір артықшылығы немесе жеңілдіктері болмайтынын , ал кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастары субъектілер ретінде жеке тұлғаларға теңестірілетінін және де шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар, Республика заңдарында арнайы белгіленген шетелдіктерболса, Қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секілді құқықтар мен міндеттерді ,әрі нақ сол тәртіппен иемденетінін білдіретін азаматтық – құқықтыққатынастар субъектілерініңтеңдігі ;

еңалдымен меншік иесінің өз мүлкін өзінің жеке ұйғарымы бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтайтынын білдіретін меншікке қол сұқпаущылық ;

бұл орайда меншік иесінің өзі құқық өкілеттілігінжүзеге асыруы кезінде өзге адамдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс ;

әрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өзмүлкіне иелікетуіне , пайда табуына ,кірістерін таратуына мемлекеттік органдар мен басқада тұлғалардың ықпалетуіне жол берілмеуін білдіретін мемлекеттіңжәне үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы ;

азаматтық – құқықтық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлермен тұтынушыларды қорғау ;

Медиаон ақпарат