Басты бет > Хабар > ШЫМКЕНТ: 4094 АЯЛДАМА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: 4094 АЯЛДАМА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмысы барысында 64 автопарк, 323 бағыттағы автобус залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мәлімдеді.

Сала мамандары тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары жалпы саны 77 нысанды аралап, олардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шаралары жөнінде кеңестер берілді.

Сонымен қатар, қала аумағында аудандарда дезинфекциялау жұмысына №35748 әскери бөлімнің сарбаздары мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылған.