Басты бет > Хабар > Дін ислам — ол əрбір қазақтың діңгегі

Дін ислам — ол əрбір қазақтың діңгегі

Адамдар дені сау, тамағы тоқ болып жүргеніне мəз болып, көбісі өзінің жаратқан иесіне сенбейді. Адамдарды мына ғұмырда көбіне қанағатсыздық жеңіп, өзінің адамдық  болымысын ұмытып кетеді. Тəлімсіз ұрпақтан кез келген қоғамның болашағы болмайды. Адамда ең бірінші алға жетелейтін оның бойындағы ізгі қасиеттер, жүрегіндегі имандылық. Адал адамның терісі кең, оның ауласында ешқашан жамандық болмайды, жамандықтың өзін жақсы адамдар жақсылыққа балайды, ал жаман адамдардың ауласына ешқашан құт қонбайды, ондай адамдар жақсылықтың өзін жамандыққа балайды. Жүрегінде иманы жоқ адамның жүрген кезде табаны нық болмайды. Адам кей кезде жамандық көріп өзінің қатарластарынан кейін қалып жатса Алланың ісі деп біледі. Ал, шындығына келсек, Алла да адамды алалау жоқ, күн нұры шуағын бəрімізге қалай сеуіп тұр, сол секілді Алла тағала адамға жақсылықты да солай беріп тұр. Оның өмірде бақытты немесе бақытсыз болуы — ол əр адамның істеген ісінің жемісі. Адам əділ əрекет етсе, əрқашан оның іс- əрекеті оңға баспақ. Əрбір мұсылман өз дінін құрметтемейді, ибалы ешқашан ел иманын кірлетпейді. Ата-бабамыздың бойындағы тазалықтан бүгінгі егеменді еліміздің білікті азаматтары қалыптаспақ. Ғылымның негізін дінен тапқан ойшылдарымыздар да бар, олар əл-Фараби, Ибн-Сина, Қожа Ахмет Иассауи, тағы басқа даналарымыз. Иманды адам арсызға қатты қатал болады, олар елінің мүддесінде өмір сүреді. «Балық басынан шіриді» деген сөз тегін айтылмаса керек, біздің алға бастап басшы болып отырған адамдар қандай əрекет етсе, бізде сондай қадам басамыз. Дін ислам — ол əрбір қазақтың діңгегі, ол адамды орынды əрекет етуге бастайтын ерекше бір рухани ілім саласы. Имандылықтың негізі болашақ ұрпағын дұрыс қалыптасуына, əрекет етуіне шақырды, ұрпағының келешегін көздеді. Ата діннен ақиқат іздесек, біз өзге жұртпен тереземізді теңестіре аламыз. Алла адамның өзінің пейіліне, ниетіне қарай береді, өзгені өзіндей сезінуге шақырады, əрбір адамды Алла жаратқанан кейін əр адамның өз несібесі бар, дүниеден бос қалдырмайды. Адамды ең алға жетелейтін ол адамда имандылық, адамгершілік, адам əрқашан рухани бай болуы шарт. Адам сонда ғана мəңгіліктің аясында өмір сүріп орынды əрекетке аяқ баспақ. Адамның өшуі оңай, ал өсуі қиын нəрсе, сондықтан адам аяғын бір шалыс басып қалса, қайтіп орынды əрекетке аяқ басып адамдық негізде өмір сүру қиынға соқпақ. Сондықтан əрбір мұсылман баласы өзінің жүрегіне имандылық ілімін жақындатып, адамдық болмысына сай өмір сүруі шарт.

Медиаон ақпарат