
Бұл туралы vlast.kz-ке сілтеме жасап «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.
«Ағымдағы айда БАҚ-та Бишімбаевтың мемлекет басшысының атына сын айтқаны туралы ақпараттар тарады. Қорғалушым ешқашан ондай іске бармаған. Ол мемлекет басшысына өзіне жасаған барлық жағдайлары үшін алғыс ғана айтады», – деді адвокат Сәлімжан Мусин.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қаңтардың 10-күні қамауға алынған болатын. Қамау мерзімі мамыр айына дейін ұзартылған.
Медиаон ақпарат
