Басты бет > ОҚО әкімі

«Ońtústik» телеарнасының тікелей эфирінде Ж.Түймебаевтың қатысуымен «Әкім сағаты» өтуде

Бүгін ОңтүстікҚазақстан облысының әкімі ЖансейітТүймебаев «Ońtústik»телеарнасындағыхалықтыңүніменбиліктіңісінүйлестіругеарналған «Әкімсағаты» бағдарламасындақонақта. Тікелей эфир арқылы көрерменмен байланысқа шыққан өңір басшысы оңтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына жауап беретін болады. (далее…)

Толығырақ

ОҚО әкімі Қазығұртта «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын жариялады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Наурыз Қазығұрттан басталады» мерекесінде өңірдегі зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің басын қосып арнайы жиын өткізді. Ондағы мақсат – ел ішіндегі түрлі оқиғалардың себеп салдарын талқылап, олқылықтарды болдырмаудың жолдарын ақылдасу. Басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары

Толығырақ

ОҚО әкімі қарттар үйіне құттықтап барды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласындағы қарттар үйінде болды. Онда жалғызбасты әйел азаматтарын 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.Іс-шара барысында өңір басшысы әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету қашанда Елбасымыздың назарынан тыс қалмағанын жеткізді. (далее…)

Толығырақ

ОҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 10 азамат келді. Өңір басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі баспана мен жер телімдеріне қатысты мәселелерін ортаға салды. (далее…)

Толығырақ

Әкім жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған "Ұлтын сүйген дара тұлға" атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық ПЕН клубы және Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері

Толығырақ

Шетелдік инвесторлар облысымызға күн электр станциясын салып, электропанельдер шығаруды қолға алмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында қытайлық кәсіпкерлер қуаттылығы 100 мвт болатын күн электр стансасын салмақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде «Джан Су Нью Энерджи Технолоджи» компаниясының өкілі Ге Дженсон мәлім етті. (далее…)

Толығырақ