Басты бет > Хабар > Шымкент: қыс мезгіліндегі ТЖ алдын — алу үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баспасөз брифингі өтті

Шымкент: қыс мезгіліндегі ТЖ алдын — алу үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баспасөз брифингі өтті

2018 жылғы 23 желтоқсанда сағат 11-де Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Жаңа жылды мерекелеу кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында брифинг өтеді. Спикер ретінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербисов және оның орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы Жақсибаев сөз сөйледі .

    Брифинг спикерлері жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және және оны өткізу кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы әңгімелейді. Жаңа жылды мерекелеу кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шаралар 2 кезеңде өткізіледі. 

    Бірінші кезеңде ірі сауда орталықтарында, базарларда қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен нұсқамалар өткізілді ( 45 нұсқау). Адамдар көп жиналатын объектілер ерекше бақылауда тұр, олардың өртке қарсы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі.   Бүгінгі күні қала бойынша жаңа жылдық іс-шараларды өткізу жоспарланған нысандар есепке алынды. Осы объектілерде ТЖ қызметкерлері мерекелік іс-шараларды тікелей өткізу орындарын тексерді, 400-ге жуық қызметкер ұсыныстар алды, қызмет көрсетуші қызметкерлермен нұсқаулық жүргізді. Пиротехникалық бұйымдарды сататын ірі сауда үйлерінің, базарлардың өкілдерімен кездесулер өткізілді, саудагерлер арасында тарату үшін пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз сақтау және сату бойынша жадынамалар табыс етілді.  БАҚ арқылы үгіт белсенді түрде жүргізіледі.

    Екінші кезеңде — Шымкент қаласының Полиция департаментімен бірлесіп пиротехникалық заттарды сататын базарлар мен ірі сауда орындарында (Бекжан, Самал,Алаш, Айна, Ақбар, Қырғыз базарлары және МБО, Мега орталық, Баян Сұлу, Магнум базарлары) рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

    Сонымен қатар қыс мезгілінде синоптиктердің болжамдарын қадағалау және ТЖ департаментінің ұсынымдарын орындау қажет. Ұзақ жол сапарға шықпас бұрын облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы «112» немесе 33-74-84 телефондары арқылы білу қажет. Халық үшін «Дармен» тегін қосымшасын пайдалану ұсынылады. Оның тиімділігі-ТЖ туралы хабарламалар СМС-хабарламаларға қарағанда тез келіп түседі.