Басты бет > Саясат > Түркістан облысы: «МЕНІҢ ТУЫМ, МЕНІҢ ОТАНЫМ!»

Түркістан облысы: «МЕНІҢ ТУЫМ, МЕНІҢ ОТАНЫМ!»

Төлеби ауданында «Менің Туым, Менің Отаным!» паториоттық акциясы өтті. Акция барысында Ә.Бектаев көшесіндегі «Тау жұлдызы» сауда-саттық базарына көк туымыз тігілді.

Патриоттық акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік тудың маңызын насихаттап, жастарды отан сүйгіштікке баулу, туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында ілу болып табылады.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Қанат Мылтықбеков «Біз сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан көк байрағымыздың қашанда тұғыры биік, әнұранымыз әлемнің түкпір түкпірінде жаңғырып, елтаңбамыз үнемі айбынымыз бен абыройымыздың белгісі бола берсін», деп жылы лебізін білдірді.

Шараға қатысқан Италия мен Германияда өткен Әлем кубогінің алтын және күміс жүлдегері, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ержан Сәлімгереев спортшылар жеңістерінің арқасында Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларда бейбіт өлкенің көк байрағы көк аспанда желбіреп, кеудеде мақтаныш сезімін ұялататынын атап өтті.

– Көкірегімді ерекше мақтаныш сезімі билеп тұр. Барша атыраулықтарды аталған акцияны қолдауға және оны белсенді жүзеге асыруға ат салысуға шақырамын, – деді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының HR-менеджері Айгүл Бижанова.

Ал, патриоттық акциясны жалғастыру ресми түрде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жолданды.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көк Тудың мән-маңызын түсіндіретін келелі ойлар айтылды.

Медиаон ақпарат