ШЫМКЕНТ: 3 ЖЫЛДА ҚУАТЫ 150 МЫҢ МЕТР КУБ. ТАЗАРТУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қазіргі таңда, канализациямен қала орталығы және 81 елді мекеннің 18-і ғана қамтылған. 63 елді мекенде канализация жоқ. Қала бойынша көрсеткіш 49 пайыз.
Қалада жалғыз шайынды су тазарту кешені бар. Оның қуаттылығы 150 мың метр куб, ал нақты қажеттілік 360 мың метр куб. Бұл барлық елді мекендерді канализацияға қосуға қуаты жетпейді.
Өткен 3 жылда 47 мыңнан астам тұрғыны бар 6 елді мекенге ішкі орамдық және магистралдық жүйелер тартылған.
Биылғы жылы 100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков — Жібек жолы магистралды канализация жүйесінің құрылысына 850 млн. теңге бөлінді, сонымен қатар 3 жылдық жоспар бойынша 26 км кәріз коллекторының және қуаты 150 мың метр куб. тазарту қондырғысының құрылысын кезең-кезеңімен салу жоспарлануда.
Нәтижесінде, 13 елді мекен канализация жүйесіне қосылып, коллектордың қабылдау қуаты артатын болады.
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 8 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ТАРТЫЛҒАН
Газ бойынша қолданыстағы екі АРГС-тің қуаты қаланың дамуына толық жетпейді. Сондықтанда 12 елді мекен газға қосылмаған. Соңғы 3 жылда 8 елді мекенге газ құбырлары тартылған.
Биылғы жылы республикалық бюджеттен қуаты сағатына 250,0 мың метр куб құрайтын №3-ші АГРС құрылысына 3,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. Құрылысын 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.
ШЫМКЕНТ: ҚУАТЫ 220 КВ БОЗАРЫҚ ПОДСТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қаладағы 81 елді мекеннің 46-ы сапалы электрмен қамтылған, 35-інде сапа төмен.
Соңғы 3 жылдың ішінде 9,7 млрд.теңгеге 10 елді мекенге электр желісі және 2 подстанцияның құрылысы салынған.
Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарда.
Сонымен қатар, екі подстанцияның құрылыстары жүргізілуде. Ол да келесі жылы пайдалануға беріледі.
Нәтижесінде, қуаты 110 кВ құрайтын төрт подстанция іске қосылып, электр қуатымен қамту 180 МВт-тан 300 МВт артады.
Бұл қаланың қажеттілігін шешуге мүмкіндік береді. Осының арқасында 90 мың халқы бар 30 елді мекеннің мәселесі шешіледі.
ШЫМКЕНТТЕ 2019 ЖЫЛЫ 524 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада алғашқы үштіктің қатарында. Жалпы өткен 3 жылда 1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынды.
Соның ішінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 836 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 450 көпбалалы отбасы, 242 халықтың әлсіз топтары, 904 жастар баспанамен қамтылды.
Бірақта, халықтың жылдам өсуіне байланысты баспана мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне 140 мың азамат тіркелген .Оның ішінде 5 мыңы көпбалалы отбасылар.
Осыған байланысты биылдан бастап тұрғын үй құрылысы қарқынды жүреді,-дейді Мұрат Әйтенов. Негізгі құрылыс – Шымкент Сити, Тұран, әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында салынады.
Алдағы 3 жылда 32 816 пәтерлі 652 көп қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде биылғы жылы 12 117 пәтерлі 227 тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Жоспар бойынша 4 640 пәтерлі 89 тұрғын үй пайдалануға берілмек.
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 2020 ЖЫЛЫ 227 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ
Үшінші мегаполисте автомобиль жолдары 2 977 шақырымды құрайды.
Соңғы 3 жылда Шымкент қаласы бойынша 82 көше күрделі, 269 көше орташа жөндеуден өткен, 441 шақырым топырақ жолға тас төселді. 2019 жылы ұзындығы 161 шақырымды құрайтын 64 жолда құрылыс пен қайта құру жұмыстары жүріп, оның 50 шақырымы пайдалануға тапсырылды. Биылғы жылы 95 шақырым топырақ жолдарға тас төселу жоспарланған. 65 көшеге күрделі, 162 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүреді.
ШЫМКЕНТ: КЕПТЕЛІС МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Шымкентте қолданыстағы магистралды жолдардың өткізу қабілеті тәулігіне 20 — 35 мың автокөлікке шақталған. Ал, нақты көрсеткіш 50-70 мың автокөлікті құрап отыр.
Бұл мәселені шешу мақсатында 2020 жылы 13 магистралды жолды қайта құру, 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би — Арғынбеков) және 4 көпірдің құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 айналма жолы, №1 автожол, Адырбеков көшесін қайта құру, Әл-Фараби көшесінің жалғасын салу көзделген.
ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Қоғамды көлік саласында автобустарды жаңалау жұмысы жалғасады. Өткен жылы қаламызға 300 автобус алынды. Биылғы жылы 590 автобус алу жоспарланып отыр.
Нәтижесінде, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасы жақсарады, электронды билет жүйесі енгізіліп, жаңа форматтағы диспетчерлік орталық жұмыс жасайтын болады.
ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкентте 2019 жылы аудандық полиция басқармаларының жанынан «бір терезе» қағидаты бойынша 4 фронт-офис ашылды. Сонымен бірге, өткен жылы полиция департаментіне жаңадан қызметтік 109 автокөлік берілді.
Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін 35 жерге 100-ден аса «сергек» камералары орнатылды. Полиция қызметкерлеріне 1402 дана планшеттер берілді.
Қазіргі таңда біршама жақсы динамика бар. Атап айқанда, 2019 жылы жол-көлік оқиғалары саны — 12,2%, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 1,3%-ға, жарақат алғандар 6,2% төмендеді.
Медиаон ақпарат
