Басты бет > Хабар > Дін тек идеология ғана емес

Дін тек идеология ғана емес

Кейде қылмыстық қақтығыстық астарына діни мән берушілік жиі кездеседі. Діннен ғана қауіп-қатердің себебін іздеу әлеуметтік басқа да себептерін іздеуді шектейді. Бұл, біріншіден, көрші славян елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының барлық пәлені мұсылмандардан көріп, оларды құбыжық етіп көрсетіп, өздерін ақтауға тырысушылығынан туып отыр.  Бұл  әсіресе Шешенстандағы соғыс кезінде жиі көрініс берді. Екіншіден,діншілдікті — «фанатизм», радикалдық іс-әрекеттермен байланыстыратын психология өз ішімізде әлі де көрініс алып отыр. Дін ата-бабаларымыздың құндылығының негізі дегенімізбен, әлі оның парқына бара алмай жүрміз. Орыс ақыны А. Вознесенский айтқандай, «мы некрещенные дети советской империи» деп, бүгінгі қазақтардың да кіндігін негізінен атеистер кескен, рухани тәрбие алмай, енді көп дүниені ой елегінен өткізудеміз.  Сондықтан да зайырлы мемлекеттің не екенін  біреу біліп, біреуі білмей  атеистік мемлекетке теңейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында дін мемлекеттен бөлінген делінбеген.  «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында«Діни бірлестіктер мемлекеттенбөлінген»— делінген.  Ал Конституция заңының бірінші бабында   Қазақстан«зайырлы»мемлекет деп жариялаған. Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямыздың  5-бабында:«Қазақстан Республикасында идеологиялық  және саясиәр алуандылық танылады», —делінген. Дін тек идеология ғана емес, дегенмен, Конституцияның бұл тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың (идеологияның) заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Конституцияның бұл бабынан экстремистік, радикалдық емес идеологиядан басқалар, діни де, атеистік те көзқарастар  мәдени өмірімізде, бұқаралық ақпарат, сондай-ақ азаматтардың қалауына байланысты меншік түріне қарамастан оқу орындарында уағыздалуы мүмкіндігін байқаймыз.   Әрине,  бүгін Конституция берген бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Қазақстанда дінтану пәні факультативтік негізде немесе міндетті емес пән ретінде енгізіле бастады. Ал жоғары оқу орындарында тек Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында барлық мамандарға міндетті пән ретінде енгізілді.

Медиаон ақпарат