“Қазақстанның киелі жерлері географиясы” республикалық жобасы аясында облыстағы 24 киелі орындарды көгалдандыруға жастар мен азаматтарды жұмылдыру арқылы өз Отанына, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатында бүгін “Табиғат – тіршілік нәрі” жобасының шеңберінде “Қазығұрт – Кеме қалған” киелі орнында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Оңтүстіктің белсенді 600 жасы қатысқан шарада 1000-нан астам түрлі ағаш-көшеттері отырғызылып, флешмоб билеп, наурыз көжеден дәм татылды.
Медиаон ақпарат
