Басты бет > Саясат > Шымкент қаласы – 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін салтанатты өткізді

Шымкент қаласы – 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін салтанатты өткізді

Шымқаламыздың Тәуелсіздік саябағында рәміздер күні аталып өтті. Мемлекеттік символдарымызға 27 жыл болды.
1992 жылы 4 маусым тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары – Мұқан Төлебаев,

Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Сонымен қатар барша Қазақстан Республикасының азаматтарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз. Әрдайым тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Медиаон ақпарат