Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді бөлу тақырыбына есептер шығару (5-сынып).
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі
Жай бөлшектерді бөлу тақырыбына есептер шығару дағдысын қалыптастыру
ә) дамытушылығы
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып есептер шығару. Алған білімдерін іс-жүзінде дамытуға үйрету.
б) тәрбиелілігі
Оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп, қоғамдағы жаңалықтармен байланыстыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі.
Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Слайд түрінде. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.
Жоспар
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа дайындығын, оқу-құралдарын тексеру.
ә) Слайдтың бетіндегі шаршыларға жазылған нөмірлер бойынша жай бөлшектерді көбейту, бөлу тақырыбын тұжырымдайды.
- Бөлшектер қалай көбейтіледі?
- Бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
- Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріп беріңдер?
- Аралас санды аралас санға бөлу қалай орындалады?
- Натурал санды бөлшекке бөлуді түсіндіріп бер?
- Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?
г) Сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
1) 1 : 1/5 ?
2) 6 : 1/11 ?
3) 1 (7/8) : 4 (1/6) ?
4) 5 (5/14) : 2 (1/7) ?
5) 6 (2/3) : 2 (7/9) ?
6) (2/7 + 5/21) : 14/7 ?
7) (8/11 + 3/22) : 5/11 ?
8) 17/36 : (7/12 – 5/9) ?
в) Мақсат қою кезеңі: Тестті бірге шешейік.
1) 2/3 · 3/8
А) 1/4
В) 1/2
С) 2
2) 5/12 · 8/9
А) 5/9
В) 10/27
С) 8
3) 7/15 · 5/7
А) 2/5
В) 3/22
С) 1/3
4) 15/16 · 8/25
А) (2) / (5)
В) 3/10
С) 6
5) 1/3:1/9
А) 1/3
В) 9
С) 3
6) 3/8 : 1/2
А) 2
В) 1/4
С) 3/4
7) 2/7 : 3/7
А) 2/7
В) 2/3
С) 2
8) 31/5 : 22/15
А) 3
В) 7/5
С) 1/5
С) Логикалық жаттығу
1) Алманың жартысы неге ұқсайды?
Өзінің жартысына
2) 1/10 санының кері саны?
10
3) Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?
12
4) Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
3
5) Столдың бір бұрышын кессең неше бұрышы қалады? (5)
е) Сабақты қорытындылап, баға қою, үйге тапсырма беру.
Оқулықтағы №441, №438 есептер беріледі.
Алматы «Мектеп» 2007. Әбілқасымова А., Бекбоев И., Абдиев А.
С.АБДУЛЛАЕВА,
№81 Т.Тәжібаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.
Шымкент қаласы.
