«Ел Бірлігі» Республикалық қоғамдық-саяси газеті БАҚ өкілдері арасында — Қазақстан бойынша ең алғаш болып, латын әліпбиіне
көшкен тұғыш басылым болды. Газет 2009 жылдан бастап жарық көре бастаған. Құрылтайшысы «Ел Бірлігі» қоры. Негізін қалаушы «Қызыл Жұлдыз Орденінің» иегері, Ауған соғысының ардагері, белгілі саясаткер Мұхтар Мұхамбетжан. Өзінің 8 жылдық ғұмырында қоғамдық, әлеуметтік, саяси мәселелерді көтеріп ұлтаралық, діни алауыздықты жоюда айрықша белсеніс танытқан Оңтүстік Қазақстан облысынан шығатын өңіраралық газет ретінде танымал. Елбасының сарабдал саясатын насихаттайтын бұл басылым Қазақстан Республикасында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ресми іске асырған жалғыз басылым. Әріптестеріміздің шығармашылығына толағай табыстар тілей отырып, қаламдарының мұқалмауын тілейміз!
«Медиа ON» ақпарат
