Басты бет > Хабар > Дін мен дәстүрдің сабақтастығы – тұрақтылық пен бейбітшілкке әкеледі!

Дін мен дәстүрдің сабақтастығы – тұрақтылық пен бейбітшілкке әкеледі!

Қазіргі таңда жаңа түскен келін отқа май құярда «От ана, май ана, жарылқа!» деп айтпаса да бұл ырымның өзі шаманизмнің сарқыншағы екені сөзсіз. Тағы бір мысал келтірсек: «Түнде тырнағыңды алма немесе жаман болады» деп жатады. Шын мәнінде, бұл ырым емес. Бұл – қазіргідей жарық шамы жоқ әрі ыдыс-аяғы мен жатын орны жақын орналасқан кішігірім қазақы үйде ғұмыр кешкен халықтың гигиеналық сақтануынан туындағанп  ұстаным. Себебі, қараңғыда алынған тырнақтың ыршып ыдыс-аяққа түсіп, одан әрі адамның ішіне кету қаупі бар деп есептеген. Сол секілді, «Үйге қарай жүгірме немесе атпен шаппа жаман болады» деген де бар. Бұл да ырым емес, үлкен этикадан туындаған тыйым болып саналады. Көбіне жау шапқанда хабаршы жай жүріске салмай шауып келетін болған. Сондықтан тыныштық уақытта үйге қарай шауып келу – елдің жүрегіне үрей салу болғандықтан, осылай тыйымдарды ата–бабамыз айтып отыратын болған. Ендігі айтпағым,дастархан басында берілетін бата туралы. Негізі баталар имандылық, адамгершілік,аман-есендік, бақыт, қуаныш, құт-берекені күтуге шақырады. Батаны ауыл ақсақалдары мен қариялар беретін болған. Дін мен дәстүрдің сабақтастығы деп осыны айтуға болады.

Медион ақпарат