Басты бет > Хабар > Азаматтардың меншік құқығын қорғау

Азаматтардың меншік құқығын қорғау

Меншiк құқығын қорғаудың алғашқы екi әдiсi меншiк иесiне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билiк жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншiк құқығын қалпына келтiру туралы – затты иесiне қайтару немесе пайдалануға тигiзiп отырған кедергiнi жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдiстердiң соңғы екеуi мiндеттемелiк құқығына жатады – мұндай жағдайдаменшiк иесiне заттың ақшалай ақысы төленедi, ал тиiстi талаптар мiндеттемелiк талаптар деп аталады. Қорғау құқығы проблемесы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келiп тiреледi. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселенi шешуде айтарлықтай алшақтық туындайды. Авторлардың бiр тобы талап қоюға берiлетiн құқық ұғымынан келiп талап қоюға «құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады» деген пiкiрге тоғысады. Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшiн де сипаты жағынан сай келедi. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған байланысты былай дейдi: «талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құруы үшiн сотқа сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға жәрдемдесетiн, ерiктi, заңдық әрекет болып табылады, …талап қою дегенiмiз оны беру құқығын еншiлейтiн иеленушiнiң өзiне тиесiлi сотқа жүгiну құқығынан басқа ештеңе де емес». Лео Розенберг (ФРГ) болса, «талап қою – сот шешiмi арқылы құқықты қорғау үшiн сотқа жүгiну» деп анықтама бередi. Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгiлi бiр тұлғанның тиiстi мүддесiне қатысты сот шешiмiнен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасына сәйкес келедi.

Медиаон ақпарат