Концертте Ғ.Әбдірахымов мегаполис тұрғындарын Қала күнімен құттықтады, деп жазады тілшіміз Азамат Жаппар. Қала әкімі көпшілікке Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын жеткізді.
– Шымкент өткен жылдан өзінің тарихи өмірін бастады. Бір жыл ішінде елде ірі саяси-экономикалық өзгерістер орын алды. Елімізбен бірге Шымкент те қарқынды дамып келеді. Республикалық статусқа ие болу бір жағынан абырой, мәртебе болса, екінші жағынан қала әкімі мен тұрғындарына үлкен жауапкершілік артады. Біздің қаламыздың тұрғындары өз мәдениетімен, қонақжайлылықпен басқа қалаларға үлгі болуы керек. Ол үшін барлығымыз бірге, аянбай жұмыс істейік. Туған күніңмен, Шымкент! Алға Қазақстан! — деді қала әкімі.
Айта кетейік, мерекелік концерт «Ontustik», «Нар TV» телеарналарының эфирлерінде тікелей көрсетілуде. Концерттік кештің арнайы қонақтары «Ялла», «Азия» тобы, «Бақай» тобы, Зируза, Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас және эстраданың басқа да жұлдыздары шымкенттіктерді құттықтап, өнер көрсетуде.
Медиаон ақпарат
