“Nur Otan” партиясының бастамасымен еліміздің барлық аймағында өтіп жатқан «Менің туым, менің Отаным» акциясы бүгін Түркістан Жоғары Медицина колледжінде өз жалғасын тапты. Еліміздің болашағы жастардың мемлекеттік нышандарымызға деген құрметін арттырып, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу мақсатындағы бұл шара жоғары деңгейде өтті. Тәуелсіздігіміздің айғағы, бекем бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің, жарқын болашағымыздың символы болған көк байрағымызға деген құрметті белсенді жастар ән-жырмен жеткізіп, терең ойлы пікірлерімен де бөлісті. Аталған шара алдағы уақытта қаладағы білім ошақтарында жалғасып, ұрпақ санасында мемлекеттік нышандарымыздың қадір-қасиетті мен маңызы туралы ақпараттық насихат жұмыстары одан әрі дәріптеле түсетін болады. еліміздің мемлекеттік рәміздері тарихи өткенді, мәдени мұраны, лайықты болашаққа ұмтылысты бейнелейтінін, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік, абырой, борыш, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, мемлекетке құрмет секілді жалпы адамгершілік нормалар қалыптастыратындығын тілге тиек етті.
– Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден бастап, спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Тарихымызда мемлекеттік нышандар, еңсерілмейтін құндылықтар ретінде, халқымызды жігерлендіріп, олар үшін ұлы ерліктер жасалған, олар үшін өмірлерін құрбан еткен мысалдар аз емес.
Бүгінде Қазақстанның Көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қазақстандық патриотизм! Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту.
Біздің Ту ғаламшарымыздың әр түкпірінде халықаралық олимпиадаларда көтерілді, ол БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде, Венадағы ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінің жанында желбіреп тұр. Ол қазақстандық ғарышкермен ғарышта болып, әлемнің ең биік тау шыңдарын бағындырды. Осының барлығы Қазақстан қоғамының бейнесін біздің санамызда ғана емес, халықаралық аренада да қалыптастырады.
Іс-шара барысында халықаралық деңгейдегі спорттық додаларда топ жарып, Көк байрағымызды көкте желбіреткен спортшылар сөз алып, патриоттық акцияға қолдау білдірді.
Іс-шара барысында әннен шашу шашылып, мереке көркін қыздыра түсті.
Медиаон ақпарат
