Басты бет > облыс әкімі

ОҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 10 азамат келді. Өңір басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі баспана мен жер телімдеріне қатысты мәселелерін ортаға салды. (далее…)

Толығырақ

ОҚО әкімі Бас мүфтимен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті. Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайта түсу, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау, жат ағымның арбауында кеткен жастардың дәстүрлі дінімізге оралуына жан-жақты ықпал ету жайында

Толығырақ

Облысымыз 11 салаға «Ақылды қала» жүйесі ендірілмек

Оңтүстік Қазақстанда қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» – «Ақылды қала» жүйесі ендіріле бастады. Бүгінгі таңда, «Ақылды қаланың» үлгілік концепциясы бекітіліп, қолжеткізу индикаторы айқындалған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланған жиында айтылды. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалымен өткен мәжілісте аймақ басшысының орынбасары Т.Сәрсембаев аталған бағдарламаның облыста

Толығырақ

Облысымыз «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда

Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам "Өрлеу" жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.  Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілетін болады. Ол үшін халықты «Өрлеу» жобасына жаппай жұмылдырып, жұмыспен қамтуды қолға

Толығырақ