Елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру, ашық азаматтық қоғам негіздерін нығайту жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осы мақсатта Сызған ауылдық округтерінде 2019 жылдың 15 қараша күні қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Қоғамдық қабылдаулар барысында Сызған ауылдық округі әкімі аппаратының кеңесшісі іс-басқарушысы Х.Нұртан ауыл тұрғындарына өзекті мәселелер жөнінде кеңестер берді. Сонымен қатар egov элоктронды үкімет порталын пайдалану ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тәжірибе жүзінде алып көруге мүмкіндіктер берді. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңгерлік көмек беру, қызметтерді ыңғайлы алуға жағдай жасау, компьютерлік сауаттандыру (e.gov), ауыл болашағын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ашық талқыға салу, мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам тарапынан бақылауды күшейту. «ASHYQ TURKISTAN» жобасы — АШЫҚТЫҚТЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ. Елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру, ашық азаматтық қоғам негіздерін нығайту жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Билік пен қоғам арасындағы диалог та замана талаптарына лайық сипатта. Осы мақсатта Созақ ауданының ауылдық округтері мен кенттерінде 15 қараша күні қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Қоғамдық қабылдаулар барысында ауылдық округ, кент әкімшіліктерінің қызметкерлері ауыл тұрғындарына өзекті мәселелер жөнінде кеңестер берді, әкімшіліктің алдағы жоспарларымен және ауылдық округ, кенттің бюджетімен таныстырды. Сонымен қатар egov элоктронды үкімет порталын пайдалану ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тәжірибе жүзінде алып көруге мүмкіндіктер берді. «Түркістан — адалдық алаңы» аясында «Ashyq Turkistan» жобасы ауданымыздың әрбір ауылдық округі мен кентінде іске асырылуда. «Ashyq Turkistan» өңірлердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, қоғамның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы түрде алуына ықпал етуге бағытталған іс-шара кешені. Жобаның басты мақсаты – Түркістан облысының аудан, ауылдық округ, ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңгерлік көмек беру, қызметтерді ыңғайлы алуға жағдай жасау, компьютерлік сауаттандыру (e.gov), аудан, ауылдық округ, ауыл болашағын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ашық талқыға салу, мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам тарапынан бақылауды күшейту. Айта кететін жайт аталмыш іс-шаралар кешені ауданымыздың барлық ауылдық округтері мен кенттерінде әр айдың үшінші жұмасында өткізіліп тұрады.
Медиаон ақпарат
