Шымкент қаласының прокуратурасы 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғады

0

Биыл прокурорлар 3 847 кәсіпкердің құқығын қорғап, 5 әкімшілік кедергіні және 3 027 құқықтық актінің күшін жойды. Монополияға қарсы органның заңсыз тексеру, салық органы кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу фактілері анықталып, кінәлі басшылар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Шымкент сушар» МКК қатты тұрмыстық қалдықтарын қабылдау шарты бойынша 105 кәсіпкерге аванстың 50 пайызын төлеуге мәжбүрлеу тәжірибесі тоқтатылды. Қадағалау актілері бойынша «Қоғамдық бақылау — түбіртекті талап ет» жобасы аясында қозғалған салық органдарының 228 әкімшілік ісінің күші жойылды.

Сонымен қатар, мектеп асханаларын жалға алған 78 кәсіпкерден «mektepmenu.kz.» қосымшасын пайдаланғаны үшін заңсыз ақша жинау тоқтатылды.

Айта кетейік, инвесторлар мен кәсіпкерлер өзекті мәселелер туындаған жағдайда осы (+77751112542) телефон нөміріне хабарласа алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *