Басты бет > Саясат > ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті.

Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды.

Бұдан бөлек, тараптар Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала басшысы Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, әкім Шымкенттің экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы мәлім етті.

Бас консул өз кезегінде неміс компаниялары мегаполисті дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екенін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық берік, әрі сенімді әріптес екенін жеткізді. Ширек ғасыр ішінде қазақ-герман қатынасы жоғарғы даму деңгейіне жетті, екі ел арасында сенімді және мазмұнды диалог орнады. Берік құқықтық база құрылып, қомақты көлемде диалогтық алаңдар мен институттар — Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақ-герман іскерлік кеңесі, Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілдігі, Берлин Еуразиялық клубы және т.б жұмыс атқарады.

Медиаон ақпарат