Қазіргі таңда белгілі болғандай энергетиканың тиімділігі әрқашан кез келген саладан алда келеді. Болашақта да осы қарқынды дамыта беру керек. Оны дамытпасақ, бізде ешқашан экономика болмайды.
Ал атом электр станциясының құрылысы – бұл көптеген салалардың дамуын өзінің соңынан тартатын жоғары технологиялық процесс болып табылады. Оның пайдасы ғылым үшін, өнеркәсіп, кадрлар даярлау үшін де сөзсіз тиімді болмақ. Сонымен бірге атом электр станциясы — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Атом стансасының бір тиімді жері ауа-райы жағдайына қарамастан тәулік бойы қажетті электр энергиясын өндіре беретіндігінде. Адам капиталын дамытады.
Атом энергетиксын ойдағыдай дамыта алсақ өз кезегінде ғылыми зерттеулер көптеп жасалады деп ойлаймын. Жоғары технологиялық өнімдерді экспорттау көлемі де артатын болады. Сондай-ақ, елдің өркендеуіне әсер ететін көптеген салалардың үздіксіз дамуына жол ашады.
Ендігі кезекте елімізде АЭС салу туралы жалпыұлттық референдумда ел болашағын ойлаған барлық қазақстандықтардың дұрыс шешім қабылдауы өз қолында.
Сейдулла КЕҢЕСБАЙҰЛЫ,
Қоғамдық белсенді