Бүгін Ақордада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде Германияның қандай университеттерінің филиалы мен ғылыми-зерттеу орталықтары ашылатындығын айтты.

«Неміс канцлері Олаф Шольцтің елімізге сапары аясында 6 негізгі құжатқа қол қойылады. Біріншіден, Алматы энергетика және байланыс университеті негізінде белгілі Анхальт университетінің филиалы ашылады. Энергетика, электр энергетикасы сияқты бірнеше бағдарламамен бастаймыз. Екіншіден Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде тұрақты инжиниринг филиалы ашылады. Бұл Берлин техникалық университетінің филиалы. «2+1» формуласымен жұмыс істейміз, яғни екі жыл Қазақстанда бір жыл Германияда, тағы бір жыл өндірісте», — деді министр.

Оның атап өтуінше, мұнан бөлек, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанында Қазақстан-неміс ғылыми орталығы, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде металлургия және кен байыту саласындағы арнайы ғылыми-зерттеу орталығы ашылады.

«Оған бірқатар университет кіреді. Негізгі мақсат – металлургия, сирек металдар, кен байыту бағытында бірлескен ғылыми жобалармен айналысу. Бесіншісі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде неміс тіл үйрену орталығы. Бүгін оны ресми ашамыз. Соңғы жылдары неміс тілі ұмытылып кетті. Бұрын неміс тілі мектеп, жоғары оқу деңгейінде жақсы оқытылған. Қазір мүлдем қалған жоқ. Соңғы келісімшарт – Алматыдағы ұлттық аграрлық университет негізінде су шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығын ашу. Қазіргі таңда су үлкен мәселеге айналды. Сондықтан арнайы практикалық қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығы болады», — деді Саясат Нұрбек.

 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *