Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орай мемлекеттер көшбасшылары мен сыртқы істер министрлері аттарынан құттықтау хаттарымен алмасты.

Осы орайда өткен кезең ішінде тиімді мемлекетаралық ынтымақтастық үлгісі құрылғаны, белсенді саяси диалог жүргізілуі, сауда-экономикалық кооперация тереңдетілуі, мәдени-гуманитарлық жобалардың ілгерілетілуі аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы диалог пен өзара түсіністік негізінде Қазақстан-Армения өзара іс-қимылын бұдан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *