Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 9-шы жыл сайынғы халықаралық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Осы жылы қазылар алқасының шешімімен Әзербайжан, Бразилия, Жапония, Испания, Италия, Қырғызстан, Мысыр Араб Республикасы және Ресей журналистерінің жұмыстары әртүрлі номинациялар бойынша үздік деп танылды.

Байқау шеңберінде әлемнің 30 елінен 80 материал қаралды, бұл өткен жылғы өтінімдер санынан асып түсті. Байқау жеңімпаздары – Елена Косолапова (Әзербайжан), Милтон Атаназио (Бразилия), Катсухиро Асагири (Жапония), Иоланда Гарсия (Испания), Даниэла Брикка (Италия), Эрмек Актанов (Қырғызстан), Равичандран Раджаманикам (Малайзия, 2023 жылғы жеңімпаз), Фатма Бадауи (Мысыр Араб Республикасы) және Александр Гасюк (Ресей) өз жарияланымдарында сыртқы саясатты, инвестициялық әлеуетті, мәдениет пен туризм салаларын қоса алғанда, еліміздің әртүрлі аспектілерін атап өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімі ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, байқаудың қоса ұйымдастырушылары және медиа серіктестері – Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма басшысы Қайрат Садуақасов, «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Хатшылығы мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде Р.Василенко байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, ұсынылған барлық жұмыстардың жоғары деңгейін және әлемнің түкпір-түкпіріне келген тілшілердің өтінімдер санының тұрақты өсуін атап өтті.  

 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *