Түркістан облысынан Тәжікстан еліне алғаш рет ет экспортқа жөнелтілді. Осыған дейін Сайрам ауданындағы «Қайып ата» ЖШС мен Тәжікстан елі арасында 110 тонна ет экспорттау бойынша келісімшарт жасалған болатын. Бүгін 110 тоннаның 16 тоннасы жөнелтілді. Келісімшарт бойынша жұмыстар қыркүйек айынан басталды.

Аталған кәсіпорын еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып келеді. 2023 жылы Өзбекстан еліне 4500 тонна ірі қара етін экспорттады. Сонымен қатар Иран мемлекетіне 140 тонна ұсақ мал етін жөнелтті. Ал биыл 5000 тонна ірі қара мал етін экспорттауды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері «Қайып ата» ЖШС Өзбекстан еліне 2 945 тонна сиыр етін және 12 тонна қой етін, Иранға 118 тонна қой етін экспорттап үлгерді.

Бұдан бөлек, «Қайып ата» ЖШС Аустралия елімен бірлескен 3 ірі инвестициялық жобаны қолға алмақ. Атап айтқанда, 2025 жылы Арыс қаласында 25 мың ІҚМ басына арналған бордақылау кешені іске қосыласа, 2025 — 2026 жылдары Сайрам ауданында «1500 басқа ірі қара малды сою және өңдеу» және «Мал сату биржасы» жобалары жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Түркістан облысы ет экспорты бойынша елімізде жетекші орында тұр. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *