Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шэньси провинциясынан Түркістанға арнайы келген «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті. Инвестициялық компаниялар тобының құрамында су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды. Маңызды кездесу – облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытай еліне жұмыс сапарының жемісі. Делегация сапары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен бірге Сиань қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев қатысты.

Өз сөзінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобаларды талқылауға әрдайым дайын екенін жеткізді. Өңірдің негізгі драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласы мен жаңартылатын энергия көздері секілді жобалардың өзектілігіне тоқталған өңір басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдау болатынын айтты.

 Шетел делегациясы тарапынан бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен, халық сұранысына сай салаларға басымдық берілген. Инвесторлар жарықтандыру, таза ауыз судың қолжетімділігін арттыру және шөлді аймақтарды көгалдандыру жолымен жерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Бас консулдық келіссөздерді ұйымдастыруға, консультациялық қызметтер көрсетуге және тараптардың өзара іс-қимыл процесін сүйемелдеуге қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

 

 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *