Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр. Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсірілмек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков бастаған инвесторлармен агро саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Келес ауданында 51 гектар жерде жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асып жатыр. Ол келер жылы іске қосылады. 7 мың адам жұмыспен қамтылады. Инвестиция көлемі – 524 млрд. теңге.

Келер жылдың басынан бастап жылыжайлар іске қосыла бастайды. Жыл соңында құрылысы толық аяқталып, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады. Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалаларды талқылады.

Облыс әкімі инвесторларға ауыл шаруашылығымен бірге, индустрия, туризм бағыттары бойынша жаңа жобаларды қолға алуға шақырды. Өңірдегі өндірістік парктерде өндіріс орындарын ашу жолдарын түсіндіріп, егістікті әртараптандыру, ауқымын арттыру, жеміс сақтау қоймаларын салу секілді жаңа жобаларды бастауға шақырды. Сондай-ақ сублимация, яғни консервациялаудың ең жетілдірілген әдістерінің бірін дамытуды ұсынды.  

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлердің пысықталатынын атап өтті. Түркістан облысы – республика халқын жеміс-көкөніс өнімдерімен, оның ішінде жылыжай кешеніндегі қызанақ, қиярмен қамтамасыз ететін негізгі өңір.  

«ЭКО-культура» — 13 жыл бойы тұрақты дамып келе жатқан, жабық топырақта экологиялық таза көкөніс өсіретін ірі агроөнеркәсіптік холдингтің бірі. Бір жыл ішінде өндірген өнім көлемі 300 мың тоннадан асады.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *