Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев Астанада 3 және 5 мамырда Жеңіс шеруінің жалпы жаттығуы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Парадты дайындау және өткізу жұмыстары маған жүктелді. Әскери бөлім алаңында шеруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шеру – ол еліміздің бас алаңында өтетін салтанатты шеру ғана емес, сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығының әскери ерлігін, халқымыздың батырлығын бейнелейтін дәстүр. Қазіргі таңда әскери шеруге дайындық бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр. Биыл шеруге қатысуға 4000-нан астам әскери қызметші дайындалып жатыр. Олардың 200-ден астамы әйел. Шеруге 300-ден астам әскери техника мен авиация қатысады, — деді Мереке Көшекбаев.
Оның сөзінше, шеру 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – бөлек әскерлерді дайындау.
Екінші кезең – индустриалды қалашықта орталық дайындық жүреді. Ол кезде жаяу әскермен қатар, техника да жүреді.
Үшінші кезең – жалпы жаттығу. Ол 3 және 5 мамыр күні еліміздің бас алаңында өткізіледі.