Оның ішінде 2025-2026 жылдары іске асырылатын жалпы құны 45,1 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі жобаға басымдық берілуде. 4 мақта зауыты, шағын мақта қабылдау зауыты, 1000 басқа арналған мал борақылау алаңы жобасы, құрама жем шығару цехы жобалары есебінен 2030 жылға дейін жалпы ауданға тартылған инвестиция көлемі 68,6 млрд. теңгеге артады.

2024 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 22,4 млрд. теңгеге меже белгіленген. Ағымдағы жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. теңгені құрап отыр. Жыл соңына дейін бекітілген жоспар толық орындалатын болады, – деді аудан әкімі.

Отырар ауданы бойынша 33 500 гектарға жуық жерге егіс егілген. 10 855 га жерге жүгері, бидай, тары және көп жылдық мал азықтық дақылдары егілді. 500 га күздік бидай орылған. 2024 жылдың қорытындысымен 35 мың га егіс алқаптарынан жиналатын 350 мың тонна өнім есебінен және 9,9 тонна ет, 27,2 мың тонна сүт өнімдері есебінен толық орындалатын болады. 2025-2026 жылдары іске асырылуы жоспарланып отырған екі ірі жоба есебінен 2030 жылға дейінгі егіс алқаптарының көлемі 67 мың гектарға, мал басы санын арттыру есебінен өнім көлемін 93,8 млрд теңгеге, яғни екі есеге дейін арттыру көзделуде. Құрылыс, инфрақұрылым дамиды. Биыл 10-нан астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек.  

Аудан әкімінің баяндауынша, өңірлік өнім 2023 жылы 80,1 млрд. теңге болса, 2030 жылы 159,5 млрд. теңгеге немесе 2 есеге артады. 2030 жылға дейін 145 инвестициялық жобалар негізінде 3 000 жұмыс орыны ашылады. Шет елдік қонақтарды қызықтыра отырып, ауданнан шығатын өнімдерді және заманауи талаптарға сәйкес сервистік қызмет ұсынатын кәсіпкерлерді қолдауға күш салынбақ.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *