«Шымкент концерт» концерттік ұйымы филармониясының «Шымкент сазы» есептік гала-концерті өтті. «Tulip Hall» көп салалы кешенінде қала тұрғындары жаңа жыл мерекесі қарсаңында ерекше концертті тамашалады.

«Шымкент сазы» гала-концертін өткізудегі негізгі мақсат — жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше атмосфера сыйлап, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының жыл бойындағы шығармашылық жұмысын қорытындылау, жылды ұмытылмас әсермен аяқтау.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған іс-шарада концерттік бағдарлама түрлі жанрда өткізілетін қойылымдармен ерекшеленді. «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері, «Қазына» және «Яссы» би ансамбльдері, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, сондай-ақ, қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, жанды дауыста  дәстүрлі эстрада және классикалық әншілер өнер көрсетті.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы мұнымен тоқтап қалмай, алда тақырыптық бағыттарда концерттер ұйымдастыру керек екенін атап өтті. Қала тұрғындарының саны өскен сайын мәдениеттің де деңгейі биіктеуі қажет. Жалпы айтқанда, шаһарда мәдениет саласына тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Алғашқы есеп беру концерті қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *