Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

Осыған дейін Қазақстан Президентінің Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысқаны туралы жаздық.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *