Корея Республикасының Сеул қаласында «Корея — Орталық Азия» бірінші аймақтық ынтымақтастық форумы өтті.
Халықаралық жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы қатысты.
Форумның негізгі мақсаты — өңірлік ынтымақтастықты дамыту, дипломатия шеңберінде жергілікті билік деңгейінде өзара іс-қимыл және проблемаларды шешу жолдарын ұсыну.
Корея Республикасы губернаторларының қауымдастығы ұйымдастырған форумда Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимыл, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және инвестициялық әлеует, серіктестіктің негізгі бағыттары сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.