ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян және халықаралық көрмеге қатысушы елдер делегацияларының басшылары цифрландыру тақырыбына бағытталған Қазақстанның «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» ұлттық павильонында ұсынылған өнімдермен танысты. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade, Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, оның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің стартаптары көрсетілді, мысалы: Squares – әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис; Alaqan AI – алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім; Cerebra AI – инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу және басқалары бар.

Қазақстанның коммерциялық павильонында биылғы жаңалық отандық өнімді онлайн сату болды. 260 м2 алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарының – олар ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Сондай-ақ павильон биыл 2 есеге ұлғайтылды, көрмеге қатысушылардың 80%-дан астамы – ШОБ өкілдері. Жыл сайын халықаралық көрмеге 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушылар қатысады, бұл ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға жағдай жасайды.

Осыған дейін Қазақстан мен Қытайдың 2,5 млрд долларға келісім жасағаны туралы жаздық.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *