Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Бакуде (Әзербайжан) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-шы климаттық саммиты «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы халықаралық компаниялармен және даму институттарымен ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойды.
Атап айтқанда, Энергетика министрі Қазақстан Энергетика министрлігі мен Азия Даму Банкі (АДБ) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат мақсаты көмір станцияларын пайдаланудан шығаруды жеделдету және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруде жаңа технологияларды енгізу болып табылатын АДБ (ЭҮП) энергетикалық ауысу тетігі арқылы көміртегі бейтараптығы жөніндегі мақсаттарға қол жеткізудегі ынтымақтастықты көздейді.
Қол қойылған құжаттардың қатарында Қытай Халық Республикасының Үкіметімен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім де бар, ол Тараптар арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру, Қазақстан Республикасының аумағында орнықты даму, экологиялық таза технологияларға көшу және шығарындыларды қысқарту арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте өзара іс-қимылды көздейді. Осы жобалар бойынша инвестициялар сомасы 2 млрд АҚШ долларынан асады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жамбыл облысындағы жел электр станциясының жобасына қатысты ABU DHABI FUTURE ENERGY COMPANY PJSC (MASDAR) компаниясымен инвестициялар туралы келісім жасалды. Осы жоба бойынша инвестициялардың күтілетін сомасы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды.