2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік ауданының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім өз күшіне енді.
Келісім қолданыстағы ұлттық паспорттары бар екі тараптың азаматтарына 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде визасыз бір-бірінің аумағына кедергісіз кіруге, шығуға, транзитпен жүруге және болуға мүмкіндік береді. Алайда, визасыз режим еңбек қызметіне, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын есте ұстаған жөн.
Егер Макао аумағында 14 күннен артық болуды жоспарласаңыз, тиісті кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.
Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады.