Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай. Облыс аумағында 1780 тарихи және мәдени ескерткіші орналасқан. Оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 40 республикалық маңызы бар ескерткіш, 403 жергілікті маңызы бар ескерткіш және 1336 алдын ала тізімдегі нысан бар.
Облыс орталығында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тарихи маңыздылығына орай ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген халықаралық маңызы бар бірегей сәулет туындысы.
Биыл 9 айдың қорытындысымен тарихи орындарға 733,7 мың адам келген. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына келушілер саны 535,2 мыңды құраса, «Отырар» қорық-музейін 201,5 мың азамат тамашалаған.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы туризм саласын дамыту бағытында Жол картасы әзірленді. Жол картасында туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарстырылған.