Бүгін қаламыздағы іргелі оқу орны М.Әуезов атындағы ОҚУ- да Президент Жолдауында айтылған келелі мәселелер талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің Басқарма төрағасы — ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетов, университет ғалымдары, студент жастар қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстанда АЭС салу төңірегінде болды. Баяндамашылар АЭС-ті пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне және оның еліміздің энергетикалық секторын дамыту үшін маңыздылығына ерекше назар аударды.

-Қазір үлкен өндіріс орындарында энергия тапшылығы сезілуде.  Алдағы уақытта бұл мәселе күрделене түсетіні анық. Сондықтан бұл мәселенің алдын алу үшін заманауи, қауіпсіз,  табиғатқа зияны жоқ энергия көздерін қарастыруымыз қажет. Президентіміз АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу қоғамда бір жылдан бері талқыланып жатқанын айтып, бұл «азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім» деген болатын. Соған байланысты референдум 6 қазанда өтетіні белгілі болды. Енді ел болып, белсенділік көрсетіп, сол референдумға атсалысайық, — деді Сәрсен Абайұлы.

Сонымен қатар,  жиында баяндама оқыған ғалымдар атом энергетикасының көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап, АЭС энергиясы тұрақты және экологиялық қауіпсіз екендігін, әлемде атом стансалары дамыған технологиямен салынғанын алға тартты. Сондай-ақ, маман тапшылығы туралы пікірлер айтылды.

Өз кезегінде АЭС тақырыбында баяндама оқыған профессор Рамиль Илясов АЭС жұмысын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, халық арасындағы атомға байланысты орын алған фобиядан арылуымыз керектігін айтты.

Іс-шараға қатысқан студент жастар да атом энергетикасы туралы өз пікірлерін білдіріп, ашық сұрақтар қойды.

Талқылау соңында қатысушылар Қазақстанның дамуында жаңашылдыққа,  тұрақтылыққа ұмтылу жолында референдумның ашық, әділетті өтуіне жұмыла атсалысамыз деген ойларын білдірді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *