Орталық Азия Инновациялық университетінің конференция залында Қазақстандық стандарттау және метрология институты Шымкент қаласының өндірістік компанияларының қатысуымен кездесу өтті. Жиында «Сертификаттау мәселелері», «Өнімді Қазақстан нарығына жіберу» тақырыптарына түсіндірме жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, өнімге қойылатын талаптар, оны сертификаттау, қауіпсіздік пен стандарттардың маңызы, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Шымкент қаласы филиалының директоры Сәкен Бейсеев бұндай жиындарға жастарды көбірек қатыстыру керектігін айтты. Оның сөзінше, бүгінде бұл салаға мамандар тапшы көрінеді. Өйткені, әлі де жас талапкерлер тек қана ел аузында жүрген мамандыққа барады дейді. Дегенмен, заман талабына бүгінде «стандарттау және сертификаттау» мамандығы ең сұранысқа ие және табысы мол жұмыс.

– Жыл сайын 14 қазанда әлемдік қауымдастық «Жақсы әлемге ортақ көзқарас. Тұрақты даму мақсаттарын қолдау үшін стандарттар» ұранымен Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 жылдық батыл жоспар жасап, адамдардың өмірін жақсартуға, экологияны қорғауға және тұрақты ынтымақтастық үшін серіктестікті нығайтуға бағытталған 17 тұрақты даму мақсатын айқындады. Бұл жоспарды 170-тен астам ел қолдады, оның ішінде Қазақстан да бар. Тұрақты даму мақсаттары Қазақстанның негізгі ұлттық басымдықтарына сәйкес келеді, мысалы, азаматтардың әл-ауқаты, қуатты экономика, таза су және жауапты тұтыну мен өндіру.

Бүгінгі таңда Қазақстан осы мақсаттарға қол жеткізу бойынша ұлттық стандарттау жүйесі аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін 27 060 ISO халықаралық стандарты қолданылып, оның 3 375-і СТ РК және ГОСТ стандарттарына бейімделген. Бейімдеу процесі жалғасуда,-дейді Сәкен Бейсеев.

Жиын барысында стандарттау және сертификаттау саласында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп жүрген, табысты кәсіпкерлер мен білікті оқытушыларға алғыс хат табысталды. Сонымен қатар,  дөңгелек үстелге қатысушыларға техникалық реттеу, стандарттау және метрология салалары бойынша, туындаған сұрақтарға Қазақстандық стандарттау және метрология институтына жүгіну ұсынылды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *