Тоқсаныншы жылдары ел арасында бірде-бір байланыс саласы болған жоқ. Есесіне пошта қызметі дүркіреп тұрған еді. Кез-келген сәлем-сауқат, амандық сұрасқан хаттар легі дәл осы пошта арқылы жеткізілген. Бүгінде сала мамандыры тек қана әртүрлі заттарды жеткізумен шектелмейді, қызмет түрін көбейтін, заман талабына сай жасақтаған. Қазыр Қазпошта мекемемелері несиелік борышты өтеу мүмкіндіктері бар. Осынау жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген пошташылардың кәсіби мерекесі жазылушылар күнімен қатар тойланды.
«Қазпошта» АҚ «Шымкент почтамты» филиалының алдында 9-қазан Дүниежүзілік пошта күні атап өтілді.
Мерекені дүбірлете тойлауды дәстүрге айналдырған ұжым мүшелері, жергілікті басылымдарды да шақырған. Қала тұрғындарының қатысуымен және пошта қызметінің өркендуіне үлес қосып жүрген мекемелердің басшылары, жауапты мамандары да төбе көрсетті. Дәл осы күні қала тұрғындары мерзімді басылымдарға жазылып үлгерді. Баспасөз бен оқырманды бір-бірімен байланыстырып, арасында көпір бола білген «Қазпошта» АҚ жазылушыларға арнап сыйлықтарда ұйымдастырыпты.
Қазір Шымкентте Қазпоштаның 32 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Оның қызметіне күніне 150-200 адам жүгінеді.
Дүниенің бір түкпірінен екіншісіне дейін хат жолдау, хабарлама, сәлемдеме жеткізу — почта мекемесі атқаратын міндеттердің бірі. Сондай-ақ, қаржылық жағынан да көмектесіп отырмыз. Карточка қызметі іске қосылған. Расчетный счеттан келіп алады. Кредиттік төлемді бізден ала алады. Депозит қызметін іске қостық. 12 пайызбен 12 айға бөліп жинау мүмкіндігі бар,-дейді «Қазпошта» АҚ «Шымкент почтамты» филиалы директорының орынбасары Бағдат Есенбаев.
Осы міндеттерді мінсіз орындаған, талай жылдар бойы қажырлы еңбек етіп келген, қызметкерлері де аталған жиында алғыс хаттар мен құрмет грамотасымен марапатталды.