Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы шеңберінде өткен Болашақ саммитінде сөз сөйледі. Ол өз сөзінде көпжақты ынтымақтастықтың, БҰҰ реформасының және климаттың өзгеруі, ядролық қауіпсіздік және цифрлық трансформация сияқты сын-қатерлерді шешуге бағытталған жаһандық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның БҰҰ Бас хатшысының бастамаларын және Болашақ саммитінің барлық негізгі құжаттарын толық қолдайтынын растай отырып, «Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық елдермен және оның институттарымен біздің планетамыз және бүкіл адамзат үшін де жарқын болашақты қамтамасыз етуде күш біріктіру үшін бүгін Қазақстан осында тұр», – деді М.Нұртілеу.

Министр климаттың өзгеруі және ядролық қауіп сияқты заманауи жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін БҰҰ жүйесін жан-жақты реформалау қажет екенін атап өтті. Бұл үдерісте халықаралық институттардағы орта державалар мен дамушы елдердің дауыстарын күшейту маңызды рөл атқаруы тиіс.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, орта державалар мен дамушы әлемнің дауыстары күшейтіліп, Қауіпсіздік Кеңесінде анық естілуі тиіс. Геосаяси дүрбелең мен экономикалық белгісіздік кезеңінде әлемге дипломатия мен диалог қажет», – деп атап өтті М.Нұртілеу.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы әділ және инклюзивті қоғам құруға бағытталған Қазақстан Президенті бастамашылық еткен ішкі реформаларға да тоқталды. Өлім жазасын жоюға, азаптау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға ерекше назар аударылды.

Адам құқықтарын сақтау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала беретінін алға тартып, «Әділетті Қазақстанды құру мақсатына сәйкес еліміз өлім жазасын алып тастады, азаптауға және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын енгізді, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігін нығайтты», – деп атап өтті М.Нұртілеу.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *