Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Курбановтың қатысуымен саяси консультациялар өтті.
Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік, энергетика, экологиялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.
Жоғары және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылы мәселелері бойынша «сағат теңестірді».
Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара бейілділігі аталып өтті.