Әр аудан өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай жағдайға жетуі тиіс. Кентау қаласының даму жоспарларын тыңдаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Өңір басшысының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда.

Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ауданның 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін баяндады.

Облыс әкімі шаһарды дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Қаланың әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын айтып, өндіріс орындарын ашуға ашуға күш салуды, инвестиция тартуды, туризмді қолға алуды тапсырды.

Даму тұжырымдамаларына қатысты экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды.

 9 айдың қорытындысымен Кентаудың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 61 млрд. теңгені құрады. Қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға дейін жергілікті кірістер көлемін кемінде 1,5 есеге дейін арттыру көзделіп отыр. 2023 жылы қалаға 46,7 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, 2024 жылы оның көлемін 50 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Биылғы 9 айда нақты 17,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

 Кентау қаласында 2024-2030 жылдарға жалпы құны 226,6 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 1791 адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласында 2025 жылы 2 жоба іске асырылады. Жалпы құны — 959 млн. теңге, жұмыс орны – 70 адам.

Іске асырылатын инвестициялық жобалардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2030 жылға дейін 2 есеге арттыру жоспарлануда.  Оның ішінде өнеркәсіп саласындағы өнімді  2,4 есеге арттыру, ауыл шаруашылығы саласын 1,5 есеге, құрылыс саласын 1,6 есеге арттыру көзделген.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *