Түркістан қаласында екі халықаралық университет бар. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 8 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде, 5 782 азамат Түркістан облысының тұрғындары болса, 2 211-і – басқа қалалар мен шет елдерден келген азаматтар.

Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде 2 980 студент оқиды. Оның ішінде, Түркістан облысының тұрғындары 1 932 болса, 1 048 студент басқа өңірлерден келген.

Түркістан облысында білім саласын, оның ішінде бәсекеге қабілетті ІТ мамандарын даярлауға үлкен мән берілуде. Осыған байланысты 2024 жылғы наурыз айында Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «WOOSOONG» білім беру қорымен Түркістан қаласында IT университетінің филиалын ашу бойынша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, маусым айында «WOOSOONG» университетінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келді. Кездесу барысында «WOOSOONG» білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюнмен Түркістан облысының әкімі  Дархан Сатыбалдының арасында Түркістан қаласында университет құру туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта университет ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылысын аяқтау 2025 жылға жоспарланған.

Айта кетейік, EPAM Systems – 1993 жылы құрылған беларуссиялық тамыры бар американдық ІТ компаниясы. Беларуссияның жоғары технологиялар паркінің резиденті тапсырыс бойынша бағдарламалық жасақтама өндіреді, кеңес беру қызметін көрсетеді. Компанияның Штаб-пәтері Пенсильвания штатының Ньютаун қаласында орналасқан және оның филиалдары әлемнің 40-тан астам елінде бар. Компанияның айналымы – 5,5 млрд. АҚШ доллары.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *