2023 жылы қолөнер саласындағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті қолөнершілердің тәжірибелерімен алмасу мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірлестік мүшелерінен құралған деллегация Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласы мен Ферғана облысына барды. Сонымен қатар, қала қолөнершілері Әзербайжан Республикасының Шуша қаласында Халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға қатысып, «Хары-бюльбюль» халықаралық фольклорлық фестивалінде көпшілікке қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің ең үздік бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұсынылды. Нәтижесінде қазақстандық делегация жоғары баға алып, түркі халқының ыстық ықыласына бөленіп келді.
Бұл іс-шараларға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, өзге де түркітілдес мемлекеттердің өкілдері қатысты.
2024 жыл — Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылы. Осыған орай, Бейжің қаласында ауқымды іс-шаралар мен форумдар өтті. Оған Қолөнер одағының төрайымы мен шеберлер арнайы қатысты. Халықаралық көрмеге Қолөнер одағының шеберлері мен шәкірттерінің қолөнерлері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, қызығушылығын арттырды.
Әлемнің халқаралық қолөнер қалалары ұйымының (WCC International) президенті Саад әл-Қаддуми түркістандық қолөнершілердің жұмысына таңданысын жасырмады. Саад мырза ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Түркістанның өзіне тән ерекшелігі, қолөнершілердің қалыптасқан қолтаңбасы барын атап өтті.
Қала қонақтары рухани-мәдени орталықтағы туристік нысандарды аралап, өзгерістерге тәнті болды.