Шаруалармен кездесуде аудан әкімі Арман Қарсыбаев жиын-терім науқанындағы жағдай бақылауда екендігін жеткізді. Бүгінде Шардара ауданы бойынша 40 мақта қабылдау пункті бар. Биыл 36 мың тоннадан астам өнім жиналады деп күтілуде.

Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру аясында мақта дақылы облыста 106 мың гектарға орналастырылды. Шамамен 300 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр. Жалпы өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау аясында, қаржылардың басым бөлігі мақта шаруашылығын дамытуға бағытталуда. «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасы  бойынша облыс әкімдігінің ұсыныстары негізінде, Қағидаға өзгерістер енгізіліп, мақта шитінің нормативтері 1,5 — 2,0 есеге дейін ұлғайды. Тұқым шаруашылығын қолдауға биыл 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге бағдарлама бойынша 414,1 млн. теңгеге өтінім қабылданып, мақта шаруашылықтарына 277,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл жалпы қаржының 67 %-ын құрайды.

Биыл Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Тұқым шаруашылығын дамыту орталығы» мекемесімен келіссөздер жүргізіліп, сапалы (1,9 мың тонна) шитті импорттау келісіліп, 891 тоннасы сатып алынды. «Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша, биылдан бастап аванстық төлем жүйесі ендіріліп, отандық тыңайтқыштар 60% (ҚҚС есептемегенде) субсидияланған. Облыстық бюджеттен 7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаржының 69%-ы мақта шаруашылықтарына төленіп,  62 мың тонна тыңайтқыш енгізілді. Облыс тауар өндірушілері «Кең дала» және «Кең дала 2» несие бағдарламалары бойынша 18,8 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде жоғарыда аталған салаға қатысты шаруалар 8,9 млрд. теңгеге несиелендірілген (47 %). Биыл мақта шаруашылықтарына 4 бюджеттік бағдарлама бойынша (9 685 агроқұрылымға) 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл жалпы  облыстың өсімдік шаруашылығына бөлінген қаржының 61%-ын құрайды. Өңірде мақта кластерін дамыту бағытындағы жұмыс жалғасады.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *