— «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша 17 мыңнан астам отбасы баспана алды, деп хабарлайды Медиаон Ақпарат. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы жағдай бойынша, қарыз алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды», — деді ҚР Ұлттық банкінен. «7-20-25» бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар қажетті ақпарат ипотекалық ұйымның ресми сайтында көрсетілген. соңғы ақпаратқа сенсек, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 317,2 млрд теңге сомасына 27 940 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 189,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 16 506 өтінім мақұлданды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бүгінде елімізде үй кезегінде тұрған азаматтар әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы үйлі-жайлы болуда.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *