Биыл ОҚО-да 83 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, биыл 83 көпқабатты түрғын үй күрделі жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылмақ. Сондай-ақ, 9 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық ахуалын нығайту үшін 453,5 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда. (далее…)
Толығырақ