Басты бет > Мәдениет > Шырайлы Шымкент ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ ФЕСТИВАЛІН өткізді

Шырайлы Шымкент ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ ФЕСТИВАЛІН өткізді

Еліміздің үшінші шаһары Наурыз мерекесіне орай Қошқар ата өзені бойында көктемнің алғашқы сейілін құрды. Шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен қатар қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысып, мәдени іс-шараның куәгері атанды.

Өзен бойына этно ауыл құрылып, қол өнер үйірмелерінің көрмесі қойылды. Қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейтін түрлі әдет-ғұрыптар жасалып, салтымыздың сан қилы өнеге беретінін дәріптеді. Мерекелік шарада қала активі екі бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ұзақ өмір тіледі. Фестивль мен Наурыз мерекесі  қарсаңында келуіне байланысты құрбандыққа мал шалынып, құран оқылды. “Алты қанат Ақ орда” ұлттық киіз үй, “Саят құру” аңшылық дәстүрі орталықтарында ұлтымыздың салт-дәстүрі жаңғырды.

«2016 жылы Ғабидолла Әбдірахымов қаламызға басшы болып келгенде белсенді азаматтардың басын қосып, туризм мен салт-дәстүрді насихаттап, дамыту үшін қандай ұсыныстарыңыз, идеяларыңыз бар деп сұраған. Сол кезде өлкетанушы досымыз Алексей Гончаров екеуміз осы

«Қошқар Ата сейілі» мерекесі туралы ұсынысымызды айттық. Қала əкімі Ғ. Əбдірахымов жаңашыл, іскер азамат қой, бірден қолдады. Байырғы кезде ата-бабаларымыз осы Қошқар Ата өзені бойында асыл тұқымды қошқар сойып, Алладан молшылық, тыныштық тілеген», – дейді К. Исмайлов.

 

Қошқар ата сейілі арада жүз жыл өткенде, қайта жаңғырды. Бұл фестиваль шырайлы Шымкентте 2016 жылдан бері аталып өтілуде. Өзен аумағына жиналған қауым қазақтың ұлттық бұйымдар көрмесі мен мерекелік бағдарламаны тамашалап, мәре-сәре күй кешті. Қазақ күресі, кір тасын көтеру, асық ойыны, қол күресі сынды спорттық шаралар да өткен болатын.

Сағындық Жанысбаев

Фото (интернет желісінен алынды)